«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 524 бұйрығы (2019.11.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 524 бұйрығы
(2019.11.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 349 бұйрығымен 2019 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Әділет министрінің 2019.11.04. № 184 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi тiркеу мәселелерi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 24 сәуiрдегi № 233 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11384 болып тiркелген, 2015 жылғы 9 шiлдеде «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған бұйрықпен бекiтiлген «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк қайта тiркеу, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк қайта тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:
9-тармақтың 1 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - өтініш);
(жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен құрылтай құжаттарының (ережелері) үш данасы;
Документ утратил силу
Демо – версия документа