Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 97-НҚ бұйрығы

Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 97-НҚ бұйрығы

 

«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрі

 

А. Шаккалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку