Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Банктік қарыз шартын жасасу қағидаларын, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу кестесінің және қарыз алушы - жеке тұлғаға арналған жадынаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 Қаулысы (2024.01.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Банктік қарыз шартын жасасу қағидаларын, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу кестесінің және қарыз алушы - жеке тұлғаға арналған жадынаманың нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 Қаулысы

(2024.01.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.30.07. № 86 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.30.07. № 86 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктік қарыз шартын жасасу қағидалары;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қарызды өтеу кестесінің нысаны;

4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қарыз алушы - жеке тұлғаға арналған жадынама нысаны бекітілсін.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции