«Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 1 шілдедегі № 116 бұйрығы
«Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 1 шілдедегі № 116 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14740 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Мемлекеттік қызметтер департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау және бағалау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы |
А. Жаилғанова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі Төрағасының
2021 жылғы 1 шілдедегі
№ 116 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Демо – версия документа