(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКIМЕТIНIҢ КЕЙБIР ШЕШIМДЕРIН...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 694 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2021 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 694 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiс пен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 35-2) тармақшамен толықтырылсын:
«35-2) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды бекітеді;»;
ведомствоның функциялары мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:
«16-2) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның өтініші негізінде пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жоюға жәрдем көрсетеді;».
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:
Редакция документа
Демо – версия документа