(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1353 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 19 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) «Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 358-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларында:
382-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«382. Кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарына әзірліктің үш дәрежесі белгіленеді:
1) № 1 әзірлік:
іздестіру-құтқару ӘК шұғыл ұшып көтерілуге әзір, қозғалтқыштар сынақтан өткен, электрмен қоректендірудің жердегі көздері іске қосылған, авариялық-құтқару мүлкі әуе кемесінің бортында және шұғыл түрде пайдалануға әзір;
Редакция документа
Демо – версия документа