(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ТІРКЕЛГЕН ҚҰҚЫҚТАР ЖӘНЕ ТОҚТАТЫ...
Осы редакция 2018 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.25.02. № 98 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 300 бұйрығына 7-қосымша
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 тіркелген) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған) (Стандарттың 5-тармағы).
3. Жылжымайтын мүлiкке тiркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқталу нәтижесі болып табылады (стандарттың 6-тармағы).
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу (бұдан әрі - сұрау салу) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерінің (әрекеттерінің) басталуы үшін негіз болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа