(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ТІРКЕЛГЕН ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛҒАН ҚҰҚЫҚ...
Осы редакция 2016 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 300 бұйрығына 7-қосымша
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 тіркелген) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
2. Көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған) (Стандарттың 5-тармағы).
3. Жылжымайтын мүлiкке тiркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқталу нәтижесі болып табылады (стандарттың 6-тармағы).
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы әрекеттер тәртібінің сипаты
4. Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу (бұдан әрі - сұрау салу) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерінің (әрекеттерінің) басталуы үшін негіз болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа