(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 22 ҚАРАШАДАҒЫ № 1239 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 22 қарашадағы № 1239 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсін.
2. Мыналар:
1) 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерi (бұдан әрі Мекемелер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын олардың ұйымдық-құқықтық нысанын, функциялары мен өкiлеттiктерiн сақтау шартымен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiкке беру құқығынсыз облыстардың коммуналдық меншігіне;
2) «Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi» және «Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi» мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарауына;
Редакция документа
Демо – версия документа