«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 Қаулысы (күші жойылды)
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 915 Қаулысымен күші жойылды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2017 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 806 қаулысымен
бекітілген
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың объектілері) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар мынадай салалардағы қатынастарға қолданылмайды:
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу;
3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу;
4) сот төрелігі;
5) жедел-іздестіру қызметі;
6) қылмыстық-атқару қызметі;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу
Документ утратил силу
Демо – версия документа