(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКТЕРДІҢ ЖӘНЕ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛ...
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Келесі нормативтік құқықтық актілердің:
1) «Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4817 тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына кассалық операцияларды жүргізу кезінде автоматтандырылған кассаны қолдану және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді, жайластыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі № 65 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5843 тіркелген, 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 193 (1616) жарияланған) қосымшасының 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа