Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 2015.12.05 № 18-1...

Мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 18-1/429 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман күзеті туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Мамытбеков

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 12 мамырдағы

№ 18-1/429 бұйрығымен

бекітілген

 


Мемлекеттік орман күзеті туралы

ереже


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік орман күзеті ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерімен айналысатын орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлерінен тұрады.

2. Мемлекеттік орман күзеті 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 13-бабы 1-тармағының 18-38) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының аясында құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ орманға зиян келтіретін басқа да іс-әрекеттерді болдырмау және оларды тыю жөнінде шаралар қолданады.

 

 

2. Мемлекеттік орман күзетінің міндеттері

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку