«Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 393 бұйрығы (2018.29.10. берілген өзгерістермен)
Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 393 бұйрығы
(2018.29.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.29.10. № 740 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.29.10. № 740 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Демо – версия документа