«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 201 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 201 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы туралы ережеде:
2-тараудың орсы тіліндегі атауына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
14-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған профилактикалық, емдеу, сауықтыру және оңалту іс-шаралары кешенін жүзеге асыру;»;
14-тармақ 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелерде барлық қызмет бағыттары бойынша ішкі мемлекеттік аудитті және ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асыру;»;
14-тармақ 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты;»;
14-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа