Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазавиақұтқару» және «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 180 Қаулысы

«Қазавиақұтқару» және «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 180 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы оған «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі түрлері төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою саласында авиациялық қызметтер көрсету, азаматтық авиация саласында өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру, азаматтық қорғау саласында жұмыстар мен қызметтерді орындау, өрттердің және табиғи және техногендік сипаттағы басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды жою болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 30 наурыздағы

№ 180 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтыру

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку