(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІН...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 332 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі | |||
Жедел | Су ресурстарын инспекциялық және жедел басқаруды жүргізу үшін | Су ресурстары комитеті су ресурстарын пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары үшін | 32 |
Технологиялық | Шаруашылық жүргізуші субъектілерді инспекциялық және жедел басқаруды жүргізу үшін | Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары: |
|
Ақмола | 21 | ||
Ақтөбе | 18 | ||
Алматы | 35 | ||
Атырау | 13 | ||
Шығыс Қазақстан | 35 | ||
Жамбыл | 25 | ||
Батыс Қазақстан | 35 | ||
Қарағанды | 31 | ||
Қостанай | 35 | ||
Қызылорда | 15 | ||
Маңғыстау | 11 | ||
Павлодар | 35 | ||
Солтүстік Қазақстан | 21 | ||
Оңтүстік Қазақстан | 23 | ||
Астана қаласы | 3 | ||
Алматы қаласы | 6 |
Редакция документа
Демо – версия документа