Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 06.07.98 Ж. КЕЛІСІМГЕ ХАТТАМА (МӘСКЕУ Қ., 13.05.02 Ж.)

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру
мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеу туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келісімге
Хаттама
(Мәскеу қ., 2002 жылғы 13 мамыр)
(2006.25.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 15 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Хаттама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 14 карашадағы № 356-ІІ Заңымен сәйкес бекітілді

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеу туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегі келісімге (бұдан әрi - Келісім) сәйкес,

Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң жер қойнауын игеруге екi Тарап қызметiнiң құқықтық негiзiн жасаудағы өзара мүдделiлiктi ескере отырып,

Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде орналасқан «Құрманғазы» («Құлалы»), «Центральная» геологиялық құрылымдарының және «Хвалынское» кен орнының көмiрсутегi ресурстарын бiрлесiп игеру үшiн қолайлы жағдайлар туғызуға ұмтыла отырып,

Каспий теңiзiнiң экологиялық жүйесiн және оның биоресурстарын қорғау мен сақтау қажеттiгiн негiзге ала отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

1. Осы Хаттамада жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеудiң модификацияланған ортадағы сызығының өтуiне қатысты географиялық координаттар белгiленедi.

2. Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеудiң модификацияланған ортадағы сызығының бұрылыс нүктелерi географиялық координаттарының каталогы осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылады (1-қосымша).

3. Модификацияланған ортадағы сызық каталогқа сәйкес Тараптар келiскен Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеу схемасына түсiрiлдi (2-қосымша).

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку