Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 Қаулысы (2025.28.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 Қаулысы

(2025.28.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.16.07. № 83 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.16.07. № 83 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптар;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Микрокредитті өтеу кестесі бекітілсін.

2. «Микрокредит беру туралы шарттың міндетті талаптарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 264 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17886 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции