(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ НОРМАТИВТЕРДІ, ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ЕС...
Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдаға № 15-02/584 бұйрығы
(2023.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.24.07. № 237 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 106 бұйрығымен (2023 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 15) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық нормативтер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық есепке алу нысандары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы 1 шілде
Редакция документа
Демо – версия документа