«Бағалау туралы есептің сараптамасын жүргізу қағидаларын, сарапшылық қорытындыға қойылатын талаптар мен оны бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 503 бұйрығы (2025.23.03. берілген өзгерістермен)
Бағалау туралы есептің сараптамасын жүргізу қағидаларын, сарапшылық қорытындыға қойылатын талаптар мен оны бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 503 бұйрығы
(2025.23.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025.05.03. № 104 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бағалау туралы есептің сараптамасын жүргізу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сарапшылық қорытындыға қойылатын талаптар;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сарапшылық қорытындының бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Демо – версия документа