(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СУДЬЯҒА ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІН ОРЫНДАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 336 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Судья қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 27 сәуірдегі
№ 336 қаулысымен
бекітілген
Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесі
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды.
2. Біржолғы өтемақының төленуі оны алуға құқығы бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа