(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ...
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығы
(2022.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.28.06. № 226 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022.09.02. № 50 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020.05.01. № 3 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ұсынылған кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы ұсыну және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу Ережелерін бекіту.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа