«Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 4-4/103 бұйрығы (2022.11.07. берілген өзгерістермен)
Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 4-4/103 бұйрығы
(2022.11.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.11.07. № 223 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған карантинге жатқызылған өнімнің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы 27 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 6 наурыз
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.11.07. № 223 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 4-4/103 бұйрығымен бекітілген
Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесі
Р/с № | Атауы | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы бойынша карантинге жатқызылған өнімнің коды* |
1 | 2 | 3 |
Демо – версия документа