Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕС...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

(2022.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 9 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1 және 19-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi одан Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;

2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.

ҚР Президентінің 2022.15.07. № 961 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Агенттіктің жалпы штат саны 560 бірлік болып бекітілсін.

4. Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

6. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

8. Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 2, 3-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку