Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығы

«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

қазақ тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығы»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысандарында:

ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

білім беру грантын беру конкурсына қатысу өтініші осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

білім беру грантын беру туралы куәлік осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілеріне арналған кешенді тестілеу сертификаты осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

кешенді тестілеу сертификаты алынып тасталсын;

осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға түсушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатымен толықтырылсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку