«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 150 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 150 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 наурыздағы
№ 150 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қыркүйектегі № 862 қаулысы.
2. «Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1035 қаулысы.
Демо – версия документа