«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілетін қоса берілген кейбір бұйрықтар тізбесінің 1-тармағына сәйкес жаңа редакцияда жазылатын Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларының 45, 50, 52, 60, 64, 87 және 89-тармақтарын, сондай-ақ 3-тармағының 4, 6 және 8-абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 12 мамырдағы
№ 193 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
Демо – версия документа