(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СУ КОДЕКСІ (2003 Ж. 9 ШІЛД...
Қазақстан Республикасының Су Кодексі
(2019.19.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі» деген сөздер «жер қойнауын зерттеу жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) мазмұны өзгертілді
Мазмұны
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының су заңдары
3-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi
4-бап. Қазақстан Республикасының су қоры
8-бап. Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы
9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi
2-тарау. Су қатынастары объектілері
11-бап. Су қатынастары объектiлерi
12-бап. Жер үстi су объектiлерi
13-бап. Жер асты су объектiлерi
16-бап. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi
17-бап. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi
18-бап. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi
19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi
19-1-бап. Мемлекеттік орман қорының су объектілері
20-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi
21-бап. Су объектiлерiнiң және су қоры жерлерiнiң айналымдық қабiлетi
3-тарау. Су объектілерін пайдалану құқығы
22-бап. Су объектiлерiн пайдалану құқығы
4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар
24-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы
25-бап. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары
26-бап. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары
27-бап. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары
28-бап. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы
29-бап. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары
30-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқару
31-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттік тiркеу
32-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлердiң жауапкершiлiгi
3-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу
5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару
33-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару
36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
37-бап Уәкiлеттi органның құзыретi
37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті
7-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бассейндік басқару
40-бап. Бассейндiк су шаруашылығы басқармасының мiндеттерi мен функциялары
42-бап. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер
45-бап. Су шаруашылығы баланстары
46-бап. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары
9-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау мен сараптама
48-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi
49-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
49-1-бап. Алып тасталды
49-2-бап. Алып тасталды
49-3-бап. Алып тасталды
53-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау
54-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы сараптама
55-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
56-бап. Су объектiлерiне ластаушы заттардың ағызылуын азайту жөніндегі талаптар
58-бап. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу
59-бап. Мемлекеттік су кадастры
60-бап. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi
62-бап. Жеке тұлғалардың су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
63-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi
64-бап. Суды пайдалану құқығының түрлері
69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану
70-бап. Су пайдалану мерзiмдерi
71-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары
72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi
73-бап. Су пайдаланушылардың құқықтарын қорғау
74-бап. Су пайдалану құқығын шектеу
75-бап. Арнайы cу пайдалану құқығын тоқтату
76-бап. Алып тасталды
5-Бөлім. Су шаруашылығын ұйымдастыру
14-тарау. Су шаруашылығы ұйымдары
77-бап. Мемлекеттік су шаруашылығы ұйымдары
78-бап. Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдары
79-бап. Мемлекеттік емес су шаруашылығы ұйымдары
80-бап. Су шаруашылығы ұйымдарының қызметiне қойылатын талаптар
81-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормалау
82-бап. Су пайдалану лимиттерi
84-бап. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерi
86-бап. Су алу мен пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптар
87-бап. Ауыз судың сапасын жақсарту жөніндегі талаптар
88-бап. Су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу
89-бап. Жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалану
6-Бөлім. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану
16-тарау. Елді мекендерді ауызсумен, техникалық сумен жабдықтау және су бұру
90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауызсумен жабдықтау үшiн пайдалану
91-бап. Халықты орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау
92-бап. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау
92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрамы
92-2-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері
92-3-бап. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері
92-4-бап. Елді мекендердің су бұру жүйелері
92-6-бап. Ауызсудың сапасын қамтамасыз ету
92-8-бап.Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру
92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері
92-10-бап. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері
92-11-бап. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кіретін сумен жабдықтау және су бұру жүйелері
92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелері
17-тарау. Су объектілерін сауықтыру және рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану
93-бап. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалану
94-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану
95-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану
95-1-бап. Жерді гидромелиорациялау
96-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум
97-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумды құру және тоқтату
98-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн тiркеу
99-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың құқықтары
100-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың мiндеттерi
101-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысу ерекшелiктерi
102-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару
19-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсіп пен энергетика үшін пайдалану
104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану
105-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын көлiк және ағаш ағызу үшiн пайдалану
106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану
108-бап. Су объектілерін немесе олардың бөліктерін аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану
109-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану
110-бап. Су қоймаларын пайдалану
111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу
112-бап. Су объектiлерiн қорғау
113-бап. Су объектiлерiн ластанудан қорғау
114-бап. Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау
115-бап. Су объектiлерiн сарқылудан қорғау
116-бап. Су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi
117-бап. Суларды санитарлық қорғау аймақтары
118-бап. Су объектiлеріндегі төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары
120-бап. Жер асты су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
24-тарау. Шағын су объектілері және оларды қорғау ерекшеліктері
122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою
124-бап. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібі
26-тарау. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстар жүргізу тәртібі
126-бап. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу
27-тарау. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері
127-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлеріндегі шаруашылық қызметтiң құқықтық режимi
128-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
130-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аумағында тыйым салынған қызмет түрлерi
28-тарау. Су пайдалануды реттеудің экономикалық әдістері
133-бап. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу
136-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру
10-Бөлім. Су даулары және Қазақстан Республикасының Су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару
30-тарау. Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
139-бап. Алып тасталды
140-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
11-Бөлім. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
31-тарау. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау
145-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi жөніндегі дауларды реттеу
32-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
146-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгізу тәртібі
бүкіл мәтін бойынша:
«жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті орган», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздер тиісінше «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылды;
«Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органы», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына» деген сөздер тиісінше «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға» 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара);
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға» «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», « уәкілетті органның», « уәкілетті органға» « уәкілетті органда» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара);
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жануарлар мен өсімдіктер» деген сөздер «өсімдіктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1-Бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара);2007.19.12. № 11-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ағын су - ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі;
2) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) ауызсу - сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу және шаруашылық-ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі су;
3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері - су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау (бұдан әрі - ауызсумен жабдықтау) - ауызсуды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы - сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі;
4) басқарудың бассейндік принципі - өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында бөлу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша басқару;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) бөгет - судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуiш гидротехникалық құрылыс;
4-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау - заңды тұлғаның бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындауға құқықтылығын уәкілетті органның ресми тануы;
4-3) бөгеттің қауіпсіздігі - бөгеттің апаттық бұзылудан қорғалу жай-күйі;
5) гидромелиорациялық жүйе - жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені;
6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестік меншік құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнің құрамына кіретін бір гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерімен суарылатын жеке меншік немесе уақытша өтеулі пайдалану құқығында жер учаскесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
6-1) гидромелиорациялық іс-шаралар - гидромелиорациялық жүйелер, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстар көмегімен топырақтың су режимін реттеу;
7) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі - су тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз етуге арналған су тарту құрылыстарын, су құбырын тазартқыш құрылыстарды, таза су резервуарларын, су құбырының сорғы стансалары мен желілерін біріктіретін, өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;
8) жағалау белдеуі - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған су объектілері жағалауының бойындағы жағалау жиегінен ені жиырма метр құрлық белдеуі;
9) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) жерасты сулары - жер қойнауындағы су шоғырланымдары;
10) жер асты суларының бассейні - жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы;
11) жер асты суларының көздері мен учаскелері - шегінде жер асты суларын шығару мен алу үшін қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердің бөліктері;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) жер асты шаруашылық-ауыз сулары - өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және шаруашылық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары;
13) жер үсті су объектілері - шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа