«Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1378 Қаулысы (2016.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1378 Қаулысы
(2016.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 347 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі бағдарламасы 2020 жылға дейінгі (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 400 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидалары ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1378 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі
бағдарлама
ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 400 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағдарлама паспорты
Атауы | Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама |
Документ утратил силу
Демо – версия документа