Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 343 бұйрығы

«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 343 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10584 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркеу есебінде тұрған өтініш берушілер қызмет түріне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аумақтық бөлімшелерге ДСН-кодтарын беруге арналған өтінімдерді:

мұнай өнімдерін өндіруші - мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін;

мұнай өнімдерін импорттаушы - мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште береді.

Бұл ретте өтініш берушілер бензиннің, авиациялық отынның, дизель отынының, мазуттың (бұдан әрі - мұнай өнімі) тиісті түріне мынадай құжаттардың:

мұнай өнімдерін өндіруші - сапасы (паспорты) туралы құжат, отынды сынау хаттамасы және (немесе) отынның Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігі туралы декларацияның;

мұнай өнімдерін импортаушы - отынның Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігі туралы декларацияның және (немесе) сапасы (паспорты) туралы құжаттың көшірмелерін ұсынады»;

2-қосымшада:

фасеттік кодтау жүйесінің құрылымына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку