(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАЛАЛАР АУЫЛЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНІ БЕКІТУ ТУР...
Балалар ауылындағы отбасы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 140 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 3) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балалар ауылындағы отбасы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 7 сәуірдегі
№ 140 бұйрығымен
бекітілген
Балалар ауылындағы отбасы туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Балалар ауылындағы отбасы туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрi - Заң) 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi.
Редакция документа
Демо – версия документа