(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕНІ БЕКІТУ...
Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 5 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі |
Б. Сұлтанов |
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 599 бұйрығымен
бекітілген
Ішкі аудит қызметтері туралы
үлгілік ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтерін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ішкі аудит қызметтерінің мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
1. Ішкі аудит қызметтері (бұдан әрі - ІАҚ) орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органы ведомстволарының бірінші басшысының, бірінші басшының қалауы бойынша, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен (бұйрық, өкім) құрылады.
Редакция документа
Демо – версия документа