(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ К...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына исламдық қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 21 тамыздағы № 63 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының исламдық қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Д.А. Тайшибаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Н.Қ. Қосбаев) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы |
Г. Пирматов |
Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 21 тамыздағы
№ 63 қаулыға
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының исламдық қаржы ұйымдарының
бухгалтерлік есеп жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
Редакция документа
Демо – версия документа