«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 және «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 463 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 және «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 463 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 7-тармағына және 44-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің мынадай деректемелері болуға тиіс:»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбалары;»;
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгі бар нормативтік құқықтық актілерде Заңның 22-бабында көрсетілген деректемелер қамтылуға тиіс.»;
1-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші, он екінші абзацтары 2018 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа