«Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 90 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 90 Қаулысы
(2023.04.10. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамының мүлкін «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының теңгеріміне берсін.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1226 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Демо – версия документа