(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫНА ҚАБЫЛДАУ ЖӘН...
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығы
(2020.28.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2017.28.07. № 514 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.11.07. № 505 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.28.03. № 260 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2017.28.07. № 514 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.11.07. № 505 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:
Редакция документа
Демо – версия документа