«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 1036 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1) 1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 6) тармақшасына және 33-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қызметінің және кешірім жасау туралы өтініштерді қараудың тәртібін белгілейді.
2. Кешірім жасауды өзіне қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген, сол сияқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп жатқан не өтеген адамның өтініші негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.»;
2) 3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кешірім жасау туралы өтініш сот үкімі (қаулысы) заңды күшіне енгеннен кейін ғана берілуі мүмкін.»;
4) 5-тармақта:
Демо – версия документа