(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ҚҰРУ ТУРАЛЫ» ҚА...
Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімі
(2024.05.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты маңызды мәселелері жөнінде келісілген тәсілдер мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - ЭСК) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған ЭСК туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
ҚР Премьер-Министрінің 2016.29.09. № 90-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2018.15.08. № 105-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2019.23.09. № 178-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2020.01.10. № 624 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.08.12. № 155-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2021.15.01. № 3-ө өкімімен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.28.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.29.04. № 268 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 106-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2023.01.02. № 15-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2023.19.10. № 162-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2024.05.03. № 29-ө өкімімен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 3 мамырдағы
№ 33-ө өкіміне
қосымша
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Редакция документа
Демо – версия документа