«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 551 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 551 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы (бұдан әрі - Бас қолбасшылық), Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланға бейбіт және соғыс уақытында әскери басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Комитет құқығындағы ведомствосы болып табылады.
Бас қолбасшылық Ұлттық ұланды әскери басқарудың жедел-стратегиялық органы болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы басқарады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Функциялары:
1) жедел-стратегиялық жоспарлауды, Ұлттық ұланның қолданылуын және қызметтік-жауынгерлік және күнделікті іс-әрекетін басқаруды жүзеге асыру;
2) әскердің жеке құрамын, олардың штаттық және тізімдік санын есепке алуды, оның жай-күйін ұдайы бақылауды жүзеге асыруды және штаттық тәртіпті сақтауды жүзеге асыру;
3) байланыс жүйесін техникалық қамтамасыз етуді, жаңа телекоммуникациялық жабдықты пайдалануға енгізуді жүзеге асыру;
Демо – версия документа