«Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 175 бұйрығы (2020.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 175 бұйрығы
(2020.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 191-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қаржы министрінің
2018 жылғы 13 ақпандағы
№ 175 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Демо – версия документа