«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 33 Қаулысы (2023.01.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 33 Қаулысы
(2023.01.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы Тізбенің 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Демо – версия документа