(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.23.07 № 1121 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 1121 Қаулысы
(2014.23.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі — кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Редакция документа
Демо – версия документа