(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨЗДІГІНЕН ЖҮРЕТІН ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ Қ...
Осы редакция 2018 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 556 бұйрығына
7-қосымша
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.22.01. № 45 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.22.01. № 45 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.12.07. № 465 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап - 10 (он) жұмыс күні;
өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 2 (екі) жұмыс күні;
бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 3 (үш) жұмыс күні;
Редакция документа
Демо – версия документа