«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 45 бұйрығы (күші жойылды)
«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 45 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 515 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Кеме экипаждың ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кәсіби дипломының көшірмесі;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация);»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
кәсіби дипломды беру - күнтізбелік 30 (отыз) күн;
кәсіби дипломның телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні.
Документ утратил силу
Демо – версия документа