(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДІНТАНУ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕ...
Осы редакция 2019 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017.17.10. № 144 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің м.а.
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 190 бұйрығына
1-қосымша
«Дінтану сараптамасын жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.29.11. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қоғамдық даму министрінің 2018.29.11. № 01-01/82 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 11183 болып тіркелген, «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - сараптама қорытындысы туралы хат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа