(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДІНТАНУ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕ...
Осы редакция 2017 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің м.а.
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 190 бұйрығына
1-қосымша
«Дінтану сараптамасын жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 11183 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Дінтану сараптамасын жүргізу» Стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің сараптамалық қорытынды нәтижелері туралы хаты болып табылады. Ұсынылу нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсыруы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толымдылығын және стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді.
Редакция документа
Демо – версия документа