(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ ӘЗІРЛЕУ ТАЛАП ЕТІ...
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 Қаулысы
(2022.20.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 7 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 879 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 572-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1104 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 505-құжат).
3. Осы қаулы үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру болжанып отырған жобаларға қолданылмайды.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 879 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2020.09.07. № 434 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2225 қаулысымен
бекітілген
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың
тізбесі
1. Үлгі жобалар, қайта қолданылатын жобалар бойынша объектілерді және техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салуды көздейтін жобалар.
Редакция документа
Демо – версия документа