«SK Water Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 862 Қаулысы
«SK Water Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 862 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 13) тармақшасына, 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық-Қазына Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС) және «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ) «SK Water Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - «SK Water Solutions» ЖШС) жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС (келісу бойынша) және «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ (келісу бойынша) бірге осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) «SK Water Solutions» ЖШС мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Демо – версия документа