Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 45-ө өкімі

Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 45-ө өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы», «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін хабардар етіп тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

 

Премьер-Министр

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2022 жылғы 4 наурыздағы

№ 45-ө өкімімен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку