Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.29.12 № 1403 ҚАУЛЫСЫ

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 Қаулысы

(2010.10.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар кейіннен олардың мемлекеттік қатысу үлестерін тиісті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге бере отырып, мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кен орындары бойынша өтінімдер берілген күннен бастап екі ай мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде тікелей келіссөздер жүргізсін.

4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) әкімдіктерге кең таралған пайдалы қазбалар бойынша өтінімдер берілген күннен бастап екі ай мерзімде осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде тікелей келіссөздер жүргізсін;

4) ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) бір ай мерзімде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жалпы таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану құқықтарын алуға арналған өтінімдерін қарауды және оң шешім қабылданған жағдайда екі ай мерзімде тікелей келіссөздер жүргізу жолымен жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтарын беруді қамтамасыз етсін;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку